«Түрксой» халық аспаптар оркестрі Қазақстандағы алғашқы концертін Талдықорғанда өткізді

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «ТҮРКСОЙ» ұйымының қолдауымен Талдықорғанда халық аспаптар оркестрінің концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түрксой» халықаралық ұйымының негізінде құрылған халық аспаптар оркестрі Қазақстандағы алғашқы концертін берді. Бұл түркітілдес елдердің алуан аспабын үндестіріп, мәдениетін тоғыстырып отырған әлемде теңдесі жоқ өнер ұжымы. Жетісу төріндегі гала-концертін «Түрксой» оркестрі Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан және Қырғыз елдері Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр. Қазақтың домбырасы, қырғыздың қомызы, түріктердің дабылы мен дутары, сахалықтардың шаңқобызы, гагауздың сырнайы құлақ құрышын қандырып, көрермен көңілінде ерекше әсер қалдырды.

«Бұл ансамбльдің бір ерекшелігі халықаралық музыканттардан құралады. 28-30 музыканттан тұратын оркестрімізде Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстанның виртуоздары, Якутия, Башқұртстан, Татарстан, Тыва сияқты, Моңғолияның әртүрлі халық аспаптарының бір оркестрде ұйымдастырылып, ансамбль ретінде, біртұтас түрік мәдениетіміздің дәстүрлі музыкасын әлемге танытып жүрміз»- дейді «Түрксой» халық аспаптар оркестрінің режиссері Арман
Нұрмұхаматұлы.

    

 

Соңғы жаңалықтар