ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы болып Дүйсен Қасейінов қайта сайланды
19:46, 05 Желтоқсан 2017
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымының Бас хатшысы болып Дүйсен Қасейінов қайта сайланды. Түркістанда өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысының мүшелері дауыс беріп, оның кандидатурасы қайта үш жылға сайлау туралы ортақ шешімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тұрақты кеңестің шешімімен Дүйсен Қасейінов Бас хатшы болып қатарынан төртінші мерзімге сайланып отыр.
Ата кетейік, Дүйсен Құрабайұлы 2003-2004 аралығында Қазақстанның Мәдениет министрі болды. Ол ұйымға басшылық еткен 2008 жылдан бері көп шаруалар атқарды. Ұйымның беделін көтеріп, оны түркі бірлігін нығайтатын ірі құрылымға айналдыра алды.
Ал, ТҮРКСОЙ түркі тілдес елдердің өнері мен мәдениетін дәріптейтін шараларды көптеп ұйымдастырады. ТҮРКСОЙ құрамына бүгінде түркі тілдес елдер кіреді. Оның ішінде егеменді елдер, федеральды субъектілер мен автономды аймақтар бар.