ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрі Бакуде өнер көрсетті
15:40, 10 Қыркүйек 2019
БАКУ. ҚазАқпарат – Бакудегі М.Магомаев атындағы Әзербайжан мемлекеттік филармониясының сахнасында ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрі концерт қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ТҮРКСОЙ оркестрі бұған дейін Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Аустрия, АҚШ, Германия, Албания, Босния және Герцеговина, Франция, Италия сияқты көптеген елдерде концерт қойған. ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің айтуынша, концерт оркестрдің Қазақстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдеріне жасаған үлкен турнесі аясында ұйымдастырылды.
Оркестр келер жылы он жасқа толады. Соған орай Еуропаға, сәті түссе АҚШ-қа сапар ұйымдастырмақ.