Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Осыған байланысты әуе кемесінде болған жағдайға қатысты түрлі болжам айтылды.
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова әуе кемесінде техникалық ақау болғанын растады.
— 11 қыркүйекте Түркістан әуежайының ұшу жолағында әуе кемелерінің бірінде техникалық ақау пайда болды. Қазіргі уақытта ақауды жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ, — деді ол.
Әуе кемесінің қандай себеппен істен шыққаны, оның түрі мен оқиғаның мән-жайы әзірге нақтыланған жоқ.
Бұған дейін Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір адам зардап шеккенін жазған едік.