Түркістан қаласында 3 шырша орнатылды - фоторепортаж
07:26, 31 Желтоқсан 2023
Түркістанда жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаржы қаралған жоқ, деп хабарлайды Kazinform.
Биыл Түркістан қаласында жаңа жылдық шырша үш жерге орнатылады. Оның бірі рухани-мәдени орталық аумағында болса, екіншісі Жеңіс саябағына қойылды. Ал, әкімшілік-іскерлік орталығында тұрған бас шыршаның биіктігі 22 метрді құрайды.
Бір айта кетерлігі, биыл мерекелік безендіруге бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Қолданыстағы шыршалар мен 40-тан астам кәші сәулетттік нысандар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын болады.