Түркістан қаласында жылу маусымы аяқталды

Фото: Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Бүгіннен бастап қалада жылу беру тоқтатылды.

Түркістан қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңнің аяқталуына және сыртқы ауа температурасының, сондай-ақ ғимараттардың ішкі ауа температурасының көтерілуіне байланысты, 1 сәуірден бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру маусымы тоқтатылады. 

Бүгінгі күні өңірде күн райы күндіз +22 С дейін көтерілуде. Ал, түнгі мезгілде +10 С шамасында болып жатыр.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкент пен Түркістан облысында жазғы ауа райы қандай болатындығын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Түркістан облысында ана өлімі екі есеге өскенін хабарлаған едік.