Түркістан қаласындағы мұнай базасынан өрт шықты

Фото: видеодан алынған скрин

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM —  Түркістан қаласындағы Бекзат мөлтек ауданы, Ораз Жандосов көшесінде орналасқан мұнай базасынан өрт шығып, тез тарала бастады.

— Өрт сөндірушілер жедел жұмыс істеп, өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр, — делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Еске сала кетсек, 18 қараша күні Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты

Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылғаны анықталды

Облыс әкімдігі тарапынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен бірге марқұмдарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толықтай қолдау жасалды.

Өрттен кейін медициналық мекемеге жеткізілген үш адамның біреуі есін жиды

Вице-премьер Қанат Бозымбаев өрттің себебін тергеп-тексеру бойынша құрылған Үкіметтік комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырма берді

Түркістан облысында 12 адамның өмірін қиған өрттің алдын ала себебі айтылды

Жетісайдағы өрттен зардап шеккен науқас Шымкентке жеткізілді.

Жетісайдағы өрттен аман қалған әйел адам Шымкентке жеткізілді

Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен 7 жасар жеткіншек Шымкентке жеткізілді