Ұстаз зейнетке шықса да мектептің қоғамдық істеріне белсене қатысады. Осы өнегелі ісімен ұлағатты ұстаз мектептің жас мамандарына үлгі болып жүр.
– Ауыл тұрғындары айналамызды тазарту, көркейту және көгалдандырумен айналысып жатыр. Бұл жұмыстарға барлық мекеме қызметкері бір кісідей атсалысуы керек. Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің көзге көрінетін маңызды көрсеткіші. Сондықтан жас шәкірттерді табиғатты қорғауға, аялауға үйрету керек, - дейді ұстаз.