Түркістан қолөнершілер қаласы атанды

Фото: Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Ресми түрде арнайы мәртебені растайтын сертификат келді. 

Түркістан қаласы «World Craft Council» халықаралық ұйымының шешімімен және Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің келісімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесін иеленді.

Фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Алдағы уақытта «Ерекше мәртебе» статусы аясында қолөнершілер шығындарының 25 пайызы субсидияланатын болады. Сондай-ақ, таяу уақытта қолөнершілер орталығын пайдалануға беру жоспарлануда.

— Түркістан қаласында қолөнер саласы ұлттық дәстүрлерді сақтай отыра, заманауи үрдістермен үйлесімді дамып жатыр. Түркістандық шеберлердің керамикалық бұйымдары әсемдігімен, нақышты өрнектерімен және жоғары сапасымен ерекшеленеді, — делінген Түркістан қаласы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алуға ниетті екендігін жазған болатынбыз.