Түркістан музыкалық драма театры Францияда өнер көрсетті
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Бельфор қаласындағы ұлттық театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық қойылымы сахналанды.
Фото: Түркістан музыкалық драма театрының баспасөз қызметі
Екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында театр ұжымын «GRRRANIT» Халықаралық сахнасының директоры Элеонора Росси шақыртқан болатын.
Іс-шара барысында театр директоры Әлімхан Мырзахан сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.
Фото: Түркістан музыкалық драма театрының баспасөз қызметі
«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма XXVIII Республикалық фестивалінде «Айырықша пластикалық шешім» номинациясының, ҚР Мәдениет және Өнер саласындағы «ҰМАЙ» тұңғыш ұлттық сыйлығының иегері атанған.
Спектакльдің қоюшы-режиссері – белгілі Ресейлік балетмейстер, өнертанушы Константин Семенов. Композиторы – дарынды жас композитор Хамит Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова.
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.