Су тасқыны басталғалы Түркістан облысында 18 штаб құрылды. Қазіргі уақытта зардап шеккен аймақтарға 12 фура жүк жөнелтілген.
«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына жалпы көлемі 346 тонна гуманитарлық көмек жіберілді, оның ішінде гигиеналық заттар, азық-түлік, балалардың киімдері мен ойыншықтар бар. Ал бүгін су басқан аймақтарға 150 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Сондай-ақ 50 волонтер көмектесу үшін су басқан аймақтарға аттанады», - деді Ернар Бектаев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Спикердің айтуынша, облыстағы түрік этно-мәдени орталығы мен өзбек этно-мәдени орталығы да гуманитарлық көмек жіберуге атсалысқан.