Түркістан облысы білім басқармасының басшысы өз өтінішімен жұмыстан босатылды
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды. Бұл туралы Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дінислам Болатханұлы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшы болып 2022 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын. Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы қызметін ауысып келген жаңа кадр Түркістанда 1,5 жылға жуық еңбек етті.
Ал, бүгін Дінислам Болатханұлы facebook әлеуметтік желісінде Түркістандағы қызметті аяқталғаны жөнінде жазба қалдырды.
«Қадірлі ағайын, әріптестер! Осымен Түркістандағы қызметті аяқтадық. Барлық алған тәжірибе, үйренген жаңа қасиеттер үшін алғысым шексіз!» - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұдан алдын Түркістандық ұстаздар жаңа оқу жылын жалақысыз қарсы алғанын жазған болатынбыз.