Түркістан облысында 16-17 қаңтар күндері тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: Pexels

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысында алдағы екі күнде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

— 16-17 қаңтар күндері облыстың оңтүстік және солтүстік таулы аудандарында қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар, көктайғақ, тұман болып, ауа температурасы 8-13 градус аязға дейін төмендейді. Осығай орай қатты қажеттілік болмаған жағдайда алыс сапарға жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз, — делінген ресми хабарламада.

Бұдан бұрын ШҚО және Абай облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылғанын жазған едік. https://kaz.inform.kz/news/ek-oblista-kolk-kozgalisi-shekteld-765363/

Қазақстанның барлық өңірлерінде, сондай-ақ елдің үш мегаполисінде 15 қаңтарға күн райына байланысты ескерту жарияланды.