Түркістан облысында 8-наурыз мерекесіне орай «Әлемнің жарығы – ана» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Онда ардақты аналар мен аруларға құрмет көрсетілді.
Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды ардақты аналар мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.
«Қазақ халқы қыз баласын аса қадірлеп, ардақты аналарды құрметтеген. Қарындасты қорғап, аруларды аялаған. Қазақылықтың қаймағы сақталған Түркістан өңірінде де нәзікжандылардың құқығын қорғау, оларды жан-жақты қолдау бағытында жұмыс жүріп жатыр. Облыста «Бөрте», «Домалақ ана», «Фариза» қойылымдары көрермен назарына ұсынылды. Бұл мәдени ізденістерді аналарға, аруларға деген құрмет деп білеміз. Тәуелсіз еліміздің дамуына аналарымыздың, қазақтың қайсар қыз-келіншектерінің қосқан үлесі айырықша», - деген Дархан Сатыбалды ақ жаулықты аналар мен іскер аруларды арнайы марапаттады.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.