Түркістан облысында 23 жастағы ана үшемді дүниеге әкелді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Өңірде жыл басынан бері сегізінші үшем дүниеге келді.

Фото: Қазығұрт ауданы әкімдігі

Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында тұратын жас отбасының шаңырағында бірден үш ұл дүниеге келді.

Үшемнің әкесі Аслиддин Шапахов 1998 жылы, ал анасы Зиеда Сайдурасил 2003 жылы туған. Жас отбасының тұңғышы – Турсунмурод. Енді олардың отбасына Хасан, Хусан және Усмон есімді үш ұл қосылып, ерлі-зайыпты төрт баланың ата-анасы атанды.

Фото: Қазығұрт ауданы әкімдігі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, босандыру отасы жүктіліктің 33 аптасы 4 күнінде жасалған. Ота сәтті өтіп, ана мен сәбилердің жағдайы тұрақтанғаннан кейін олар үйіне шығарылды.

Фото: Қазығұрт ауданы әкімдігі

– Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығының дәрігерлері босандыру кезінде қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта жас ана мен үшемнің жағдайы бақылауда, тиісті оңалту шаралары жүргізіледі, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Түркістан облысында жыл басынан бері жетінші үшем дүниеге келгенін хабарлаған едік. Сәбилерге Сұлтан, Омар және Осман есімдері берілген.