Түркістан облысында 247 заңсыз қоқыс орны анықталды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысының прокуратурасы өңір аумағында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК АҚ-ның геопорталы мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүргізген талдау нәтижесінде 2025 жылы облыс аумағында рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастырудың 247 фактісін анықтаған.
- Прокуратураның қадағалау актілері негізінде жергілікті атқарушы органдар заңсыз қоқыс орындарын жою, аумақтарды тазарту және оларды экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіру бойынша тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде анықталған барлық заңбұзушылықтар толық жойылды, - деп жазды қадағалаушы органнан.
Прокуратура мәліметінше, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.
Бұған дейін Павлодардағы заңсыз қоқыс орындары да ғарыш мониторингі көмегімен анықталды.