Түркістан облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, рейдтік іс-шара барысында Сайрам ауданында үш тәулік ішінде профилактикалық жұмыстар нәтижесінде 78 борышкер берешектерін өтеген.
— «Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы «Changan» маркалы автокөлік иесінің 1 млн 300 мың теңге көлеміндегі берешегі анықталды. Бұл қарыз жүргізушінің 45 рет жол қозғалысы ережесін бұзу деректеріне қатысты тіркелген. Көлік айыптұраққа қойылды, — делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған жайт толықтай полиция қызметкерлерінің бейнежетондарына тіркелген.
Бұдан бұрын Түркістанда бетін маскамен жапқан екі ер адам бейнекамераларды қасақана бүлдіргенін жазған едік.