ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Біртілек ауылында болған.
5 жасар бүлдіршін 16 наурыз күні түскі уақытта үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Куәгерлер суару каналынан аяқ киімін көргенін айтты. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан және полиция қызметінен 93 адам және 4 техника жұмылдырылды.
«Іздеу тобы жоғалған қыздың денесін үйден 2 шақырым жердегі каналдан тауып, судан шығарып алды», - делінген Түркістан облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.