Түркістан облысында 8 аула су астында қалды
21:40, 12 Наурыз 2024
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында қатты нөсер салдарынан өңірдегі үй аулаларын су алып жатыр.
Тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Сайрам аудандарындағы жер үйлердің аулаларын су басты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, аталған аймақтағы 8 аула су астында қалған.
«Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Жиналған жаңбыр суының арнасын бұру, су тарту жұмыстарына 21 қызметкер, 9-мотопомпа жұмылдырылды. Жұмыстар жалғасуда»-делінген Түркістан облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.