Оның айтуынша, тұмау мен ЖРВИ-дің эпидемиялық маусымы 1 қазанда басталып, келесі жылдың сәуір айының соңына дейін жалғасады. Осыған байланысты өңірде инфекцияның алдын алу шаралары қолға алынған.
Биыл облыс тұрғындарын тұмауға қарсы вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол » вакцинасының 271 348 дозасы жеткізілген. Бұл өңір халқының 12,8 пайызын қамтуға мүмкіндік береді.
– Қазіргі уақытта облыста тұмауға қарсы вакцинациялау жоспарының 40 пайызы орындалды. Атап айтқанда, 15 мың медицина қызметкері, жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі 8 мың әйел, сондай-ақ диспансерлік есепте тұратын және созылмалы аурулары бар балалар, қарттар мен мүгедектігі бар 80 мың азамат тұмауға қарсы екпе алды, – деді Ақерке Еркінбекова.
Тұмауға қарсы профилактикалық вакцинация халықтың осал топтарына тегін жүргізіледі. Екпе егу жұмыстары желтоқсан айына дейін жалғасады.
Бұған дейін Түркістан облысында 900-ге жуық баланың ата-анасы екпе салудан бас тартқанын хабарлаған едік.