Түркістан облысының полицейлері 5 тәулік ішінде 110 қылмысты «ізін суытпай» ашты.
Сондай-ақ, бұрын жасалған 3 қылмысты ашып, іздеуде жүрген 5 адамды ұстады.
Рейд барысында 1500-ге жуық ауланы аралаған тәртіп сақшылары түн жарымында көшеде жүрген 424 баланы полиция бөліміне жеткізді.
Өңір жолдарында мас күйінде көлік жүргізген 33 жүргізушіні жауапқа тартты.
Жалпы 6787 әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды.
«Түркістан облысының аумағында „Құқықтық тәртіп“ жедел алдын алу шарасы өткізілді. Полицейлер өңірде құқық бұзудың алдын алу және жолын кесуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көшеде және қоғамдық орында қылмыстың алдын алуға басымдық беріп отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.