Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Мақсат Шағырбаев/ҚазАқпарат ХАА

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысының полицейлері өңірдегі барлық жолды тәулік бойы үздіксіз патрульдеп жатыр. Басты мақсат – жол апатының алдын алу. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындарға және көлік жүргізушілеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпауды, әрқашан жол қозғалысы ережесін сақтауды ескертіп отыр.

«Түркістан облысында соңғы күндері ауа райы нашарлап, күн суытып, кейбір аймақтарда жауын жиі түсуде. Соның салдарынан республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термес», «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының беткі қабаты көліктің жарықшамына шағылысып, түнгі уақытта жүргізушінің көру қабілетіне әсерін тигізсе, күндізгі уақытта автокөлік доғалақтарының тайып, жол жиегіне шығып кету қаупін тудырып жатыр»,- делінген ведомстваның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.