Түркістан облысында ауыл тұрғыны әлеуметтік желіде экстремистік материалдар таратқан
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚКД қызметкерлері экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдіктіні ұстады.
Фото: Түркістан облысы ПД
Сайрам ауданының тұрғыны діни экстремизмнің жақтаушысы ретінде әлеуметтік желі арқылы радикалды уағызшылардың бейнероликтері мен терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан.
Фото: Түркістан облысы ПД
Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер діни бағыттағы 300-ге жуық кітапты, ноутбук және өзге де заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі.
«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.