Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде бір қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқан. Дереу өртті сөндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Оқиға кезінде балабақша ішінде балалар болмаған.
- Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт толық сөндірілді. Жалын 244 шаршы метр аумақты шарпыған, - деп жазды ведомстводан.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Төтенше жағдай қызметі азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 2 адам жұмыс орнында қаза тапқаны хабарланды.