Түркістан облысында балабақшаға тиесілі көлік қағып кеткен бүлдіршін қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға Түркістан қаласында болды. Жекеменшік балабақша тәрбиеленушілерін тасымалдайтын «Hyundai Starex» көлігі бүлдіршінді үйінің алдында қағып кеткен. Бүлдіршін ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды.
«Қазіргі таңда полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші қамауға алынды. Ал автокөлік айып тұрағына қойылды. Оқиғаның толық мәнжайы анықталуда»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.