Түркістан облысында бірін-бірі аяусыз тепкен оқушыларға қатысты тергеу басталды

Фото: Фото: ҚазАқпарат

Түркістан облысында 11 сынып оқушылары сабақтан шыққан бетте төбелесіп, бірін бірі аяусыз тепкілеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кешегі күні Келес ауданында болды. Ауылдағы мектептің жоғары сыныптағы 2 оқушысы өзара сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Тіпті, бірі көрші мектепте оқитын жоғары сыныптағы жолдасын ертіп келіп, ауылдасын бірге ұрған. Нәтижесінде 11 сынып оқушысы емханаға түсті.

«Жәбірленуші бүгінгі таңда ем қабылдауда. Оқиға бойынша сот-сараптамалары тағайындалды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодекстің 293- бабы 2-б. (Бұзақылық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген Келес аудандық полиция бөлімі ұсынған ақпаратта.