ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында құтқару арқанының көмегімен адамдар қауіпсіз жерге шығарылды.
Сонымен қатар, арнайы авариялық-құтқару көлігінің көмегімен автокөлік те судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.