ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылды.
Оқиға Жетісай ауданы Алмалы ауылындағы Мақталы – Жетісай тас жолы бойында болды. Екі жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 2 адам көлік ішінде қыстырылып қалған. Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылды.
«Жүргізушінің біреуін «103» қызметкерлері өз күштерімен шығарып алып, ауруханаға алып кетті. Ал, екінші адамды Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері гидравликалық қайшының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды» - делінген ТЖД хабарламасында.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.