Соңғы екі жылда Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен өңірдегі 30 әлеуметтік нысанның құрылысына 26,4 млрд теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда оның 27-сінің құрылысы аяқталып, тағы 3 нысанда жұмыс жалғасуда.
– Бағдарлама аясында пайдалануға берілген алғашқы нысан – Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы 300 орындық балалар саз мектебі. Жобаның жалпы құны – 890 млн теңге. Қазіргі таңда мектепте өнердің 12 бағыты бойынша 400-ге жуық оқушы білім алып жатыр, – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ордасының тәрбиеленушілері халықаралық, республикалық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді.
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өскелең ұрпаққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Айта кетейік,