Түркістан облысында көкпаршы жігіттер дауыс беруге келді

Фото: видеодан алынған скрин

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Созақ ауданына қарасты Жартытөбе ауылындағы № 695 референдум учаскесінде ауыл жастары дауыс беруге атпен келді. 

Ұлттық дәстүрді дәріптеген жастар учаскеге салт атпен келіп, өз таңдауларын жасады. Олар ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын танытты.

Фото: видеодан алынған скрин

Бұл бастама ауыл тұрғындарының назарын аударып, дауыс беру күніне ерекше көрік берді. Жастардың ұлттық нақыштағы әрекеті көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Фото: видеодан алынған скрин

Ауыл жастарының айтуынша, мұндай бастама ұлттық құндылықтарды насихаттаумен қатар, жастардың қоғамдық-саяси науқандарға белсенді қатысуына ықпал етеді.

— Бүгін біз еліміздің болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық. Әр азаматтың дауысы маңызды, пікірі құнды деп санаймыз. Баршаңызды дауыс беруге шақырамыз, — деді көкпаршы Мәди Сейдуллаев.

Фото: видеодан алынғын скрин
Фото: видеодан алынған скрин

Айта кетейік, аталған учаскеде тұрғындар референдумға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіріп жатыр.

Фото: видеодан алынған скрин

Бұдан бұрын Түркістан облысында 37 мыңнан астам жас алғаш рет дауыс беретінін жазған едік