Түркістан облысында көмірді қайдан сатып алуға болады

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Бүгінгі таңда Түркістан облысында 23 көмір тасымалдаушы оператор жұмыс істейді. 

2025–2026 жылдардағы жылу маусымына облыс бойынша көмір отынының қажеттілігі 599,5 мың тонна. Оның ішінде жеке тұрғындардың қажеттілігі — 251,7 мың тонна. Қазіргі күнге дейін жалпы 301,5 мың тонна көмір қамтамасыз етілген, оның ішінде жеке тұрғындарға 80,3 мың тонна жеткізілген. 
Облыстың әр ауданында көмірді төмендегі мекенжайлардан алуға болады:

Арыс қаласы:

• М.Мақатаев көшесі, нөмерсіз учаске 
• Талдықұдық ықшам ауданы, 325
• Талдықұдық ықшам ауданы, 324
• 4 ықшам аудан, 2294 учаске

Сайрам ауданы:

• Ақсукент ауылы, Төле би көшесі, 52А
• Ақсукент ауылы, 52Т учаске

Сарыағаш ауданы:

• Алтынсарин көшесі, 148
• Қызылсай ауылдық округі, 034 орам
• Сарыағаш қаласы, С. Исмайлов көшесі 308
• Касымбекова, номерсіз учаске
• 0016 орам, 358 учаске
• Өндіріс көшесі, 179 уч.
• 001 орам

Төлеби ауданы:

• Ленгер қаласы, Амангелді көшесі, № 87А

Созақ ауданы:

• Шолаққорған ауылы, Төлебаев көшесі, № 4

Отырар ауданы:

• Темір ауылы

Ордабасы ауданы:

• Бадам, 029 квартал, уч 1273
• Бадам, 030, квартал, уч 6539

Түркістан қаласы:

• Төле би көшесі, № 1, № 1А, № 2А, № 2Е

Бұл мекенжайлардан тұрғындар қажетті көмір қорын ала алады.

Айта кетейік, бұдын бұрын Қызылордада көмір қаншадан сатылып жатқанын жазған болатынбыз.