Түркістан облысында кортежбен жүрген түлектерге ескерту жасалды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Жол ережесін бұзған автокөлік жүргізушілеріне әкімшілік шара қолданылды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті
Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті
Полицейлер тарапынан жүргізілген түсіндіру шаралары мен ескертулерге қарамастан, бірқатар түлектер кортеж ұйымдастырған.
Мәселен, Шымкент қаласындағы мектептерді бітіруші жастар Түлкібас ауданында кортеж жасап, көлік терезелерінен денесін шығарып жүрген.
Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті
Дәл осындай дерек Ордабасы, Қазығұрт аудандарында да тіркелді.
«Кортеждегі автокөліктердің барлығына дерлік әкімшілік шара қолданылды. Ал, оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыс полицейлері рейд шараларын жалғастыруда. Сондықтан жол қауіпсіздігін сақтаңыздар!» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.