Жетісай ауданының прокуратурасы аудан аумағында көші-қон заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.
Талдау нәтижесінде шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында тіркеусіз жүруі және заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері анықталды.
— Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 181 тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, мемлекет кірісіне 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді, — делінген прокуратура хабарламасында.
Айта кетелік Алматы облысында ЖИ заңсыз көші-қон деректерін анықтауға көмектескені туралы жазған едік.