«Қазақстанның оңтүстігінде, яғни, оңтүстік энергетикалық аймағында кең көлемде энергетикалық нысандарды іске қосу жоспарланып отыр. Ол бойынша ең алдымен Түркістан облысында қуаты 1 гигаваттық бу-газ қондырғылары салынатын болады», - деді Энергетика министрі.
Алматыдағы үш жылу электр орталығы да қуатын арттыра отырып, газға ауыстырылатын болады.
«Бүгін біз энергия объектілерінің қыс мезгіліне дайындығын тексеріп, компания басшылығының инвестициялық міндеттемелерді іске асыру және орындау жөніндегі жоспарын тыңдадық. Қазір онда бәрі бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Алдағы уақытта қуатты арттыру жоспарланып отыр, яғни әрбір станция қуатын 30 %-дан 40% - ға дейін ұлғайтатын болады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Сондай-ақ Қапшағай су электр станциясының контр реттегішін салу жоспарланып отыр. Онда шамамен өзінің 40 мегаваттық қуаты бар. Ол суды тиімді пайдаланудың есебінен Қапшағай СЭС-ының 100-ден артық мегаватын пайдалануға мүмкіндік береді.
«Электр энергиясының жаңартылған көздерін ауқымды іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде бірқатар шағын және орта СЭС-тердің жобалары бар. Бұл ретте Жамбыл, Жетісу облыстарында, қазіргі таңда көптеген жобаны іске асыру жұмыстары басталды. Бұл ретте Энергетика министрлігі тарапынан біз тиісті конкурстарды жариялауды жоспарлап отырмыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Сондай-ақ күн мен жел энергиясы жобасы бойынша Жоңғар қақпасында жел паркі салынып жатыр.
«Сауда Арабияның ACWA Power («Аква пауэр») компаниясы аталған жобаны іске асырып жатыр. Жел паркінің қуаты 1 гигаваттқа жететін болады. Сонымен қатар электр энергиясын тұтыну орталықтарына жеткізуді қамтамасыз ету үшін электр желілерін дамыту жоспарланған. Бізде мұндай бағдарлама бар және біз оның іске асуын бақылайтын боламыз», - деді Энегретика министрі Алмасадам Сәтқалиев.