Облыстық прокуратураның мәліметінше, аудандық прокуратура өкілдері жергілікті атқарушы органмен тұрғын үй-жайларды сатып алу кезіндегі заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген.
– Нәтижесінде жергілікті атқарушы органның сыртқы және ішкі құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған, сондай-ақ техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін 28 пәтерді мемлекеттік сатып алулар арқылы қабылдап алғаны анықталды, - делінген ресми ақпаратта.
Ведомствоның мәлімдеуінше, аталған баспаналар үшін бюджет қаражаты заңсыз төленген.
– Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 28 пәтерге негізсіз төленген 200 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды, - деп хабарлады облыстық прокуратура.
Бұдан бұрын Жетісай ауданында құрылысына 8,5 млрд теңге жұмсалған жаңа мектеп апатты жағдайда тұрғанын жазған едік.