Қылмыстық топ Қазығұрт пен Төлеби аудандарындағы жайылымдардан ірі қара малдарды жүк көлігімен алып кетіп отырған. Содан ұрланған малды сойып сатқан. Ал тапқан пайданы өзара бөліске салған.
«Алты бірдей күдікті 30-дан астам малды қолды еткен. Жалпы тұрғындарға келген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асады. Айғақты зат ретінде күдіктілерден ГАЗель жүк көлігі, ұялы телефондар мен соңғы ұрлап бара жатқан 5 бас мал тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр» - деді Түркістан облысы полиция департаментінің криминалды полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Абдурахманов.