Жанат Есенғалиевна 1973 жылғы 28 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Денсаулық сақтау саласындағы жалпы еңбек өтілі — 27 жыл. Еңбек жолын дәрігер-дерматовенеролог қызметінен бастаған.
Әр жылдары медициналық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарып, денсаулық сақтау жүйесіндегі басқару, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, кадрлық және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған. 1999–2003 жылдары облыстық тері-венерология диспансерінде дәрігер-дерматовенеролог болып жұмыс істеген. 2003–2010 жылдары Шымкент қалалық амбулаториялық хирургия, травматология және гинекология орталығында бөлім меңгерушісі, кейін бас дәрігердің сараптау ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2010–2015 жылдары облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, 2015–2018 жылдары «Қарлығаш» облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайының, 2018–2019 жылдары Шымкент қалалық № 1 оңалту орталығының бас дәрігері болған.
2019–2022 жылдары Кентау қалалық емханасының бас дәрігері қызметін атқарған. 2022 жылғы маусымнан бастап осы тағайындауға дейін Түлкібас аудандық орталық ауруханасының басшысы болды.
Біліктілігін арттыру мақсатында Ресей Федерациясы, Түркия, Германия, Қытай және Испания елдерінде денсаулық сақтау менеджменті мен медициналық ұйымдарды басқару бағыттары бойынша тәжірибе жинақтаған. 2025 жылы Астана қаласында өткен «Басшы мектебі» бағдарламасына қатысқан. Жанат Есенғалиевна денсаулық сақтау саласындағы еңбегі үшін 2010 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2024 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.