Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада сөйлеген тұрғындардың бірі баспаналардың басым бөлігі ұзақ уақыт бойы бос тұрғанын айтып, жауапты тұлғалардан мәселені шешуді сұрады.
Тұрғынның айтуынша, мемлекеттік тұрғын үй алғандардың кейбірі берілген баспаналарға қоныстанбаған.
— Үйлердің берілгеніне екі жылға жуық уақыт болды. Бірақ ешкім тұрмайды. Егер тұрғын үйге мұқтаждық болмаса, мемлекетке қайтарылсын. Үйлердің 70-80 пайызы бос тұр. Қаншама адам баспана кезегінде тұр. Тексеру болады дегенде ғана кейбіреулер келеді. Бұл мәселені көптен бері көтеріп келеміз. Аудан әкімінің жауапты орынбасарының алдына да талай рет бардық. Мәселенің оң шешілетінін айтады, бірақ әзірге нәтижесін көріп отырған жоқпыз, — дейді тұрғын.
Бұған дейін Түркістан облысында 108 мыңнан астам азаматтың тұрғын үй кезегінде тұрғанын жазған едік.