Атап айтқанда, Сарыағаш (11), Келес (6) және Мақтаарал (2) аудандарының тұрғындары табысын жасырғаны үшін мемлекет қаржысынан 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген.
Сонымен қатар Келес ауданындағы 13 тұрғын өтініш беру кезінде отбасымен бірге тұратын мүшелерін әдейі жасырған. Осылайша жиынтық табысты төмендетіп, кедейшілік шегінен аспауға тырысқан.
Нәтижесінде олар 2,2 млн теңгені заңсыз алған. Бас прокуратура аталған факт бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілгенін мәлімдеді.
Бұған дейін Түркістан облысында белгісіз адамдар әскери нысанға басып кірмек болғанын жазған едік.
Түркістан облысында көмірді қайдан сатып алуға болатыны белгілі болды.