Салдарынан демалыс аймағы мен пикник аумағын байланыстыратын екі уақытша қолдан жасалған көпірді су шайып кеткен. Сондай-ақ Екпінді аумағындағы өткел зақымданды. Кей жерлерде су деңгейі 0,5 м-ге дейін жеткен.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар 81 адамды эвакуациялады.
– Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Екпінді ауылынан 11 адам (7 бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Демалыс аймағынан 70 адам эвакуацияланды, оның 20-сы бала, – делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмекке жүгінгендер тіркелмеген.
Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, «Қазселденқорғау», полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмысын жалғастырып жатыр.
Бұдан бұрын Кентауда нөсер жауыннан кейін көшелер мен аулаларды су басып қалғанын жазған едік.