Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайынан насыбай өндіретін цехты анықтады.
Егде жастағы ер адамның ауласындағы сарайынан 2000 келі болатын 40 қап насыбай өнімі мен оны дайындайтын құрылғылар табылды.
Қазіргі таңда аталған дерек тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетелік Шымкентте полиция синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Сонымен қатар Шымкентте жалған лимонад сатқан тұрғын ұсталған еді.