Түркістан облысында Президент кортежі жүретін жолдың бойынан қару-жарақ табылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Түркістан облысында жүр. Мемлекет басшысы мінген кортеж жүретін жолдың бойынан қару-жарақ табылды.
Ішкі істер министрлігі қызметкерлері ҰҚК және Мемлекеттік күзет қызметі мамандарымен бірге Президент кортежінің Түркістан облысында жүретін маршрутының бойын тексеріп, жасырылған атыс қаруын тапқан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта бүкіл мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр» дейді Ішкі істер министрлігінен.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, мұның алдында кей арналарда Түркістан облысынан қару-жарақ табылғаны, бұл Президентке қастандық жасауға қажет болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.