ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.
«Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды», - делінген ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.