ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Оқиға Бәйдібек ауданына қарасты Жарықбас ауылында болды. Жеке тұрғын үй ауласында жиналған 8 000 бума шөп өртке оранған. Бұл шамамен 120 тоннаны құрайды.
Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің 14 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.
Өрт сағат 18:58-де оқшауланып, сағат 21:30-да толық сөндірілді.
«Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Арасы бықсып жанған шөпті сөндіру қиындық туғызғанына қарамастан өрт сөндірушілер 392 шаршы метр алаңдағы өртті толығымен сөндірді. Өрт орын алған кезде «112» немесе «101» нөмеріне хабарласыңыз», - делінген Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында 7 тауарлы сүт фермасы салынып жатқанын жазған едік.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.