Түркістан облысында тауға шыққан 66 жастағы қария адасып кетті

Фото: Түркістан облысы ТЖД

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Қазығұрт шыңын бағындырмақ болған қария құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге жеткізіліп, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.

Оқиға Қазығұрт ауданына қарасты Атбұлақ ауылынан 8 шақырым қашықта болды. 

Фото: Түркістан облысы ТЖД

Кешкі сағат 19:10 шамасында 1741 метр биіктіктегі Қазығұрт шыңына шыққан қария тауда адасып қалған. 

Қауіпті жағдайға тап болған оны құтқарушылар төмен түсірді. 

ТЖД мамандары жедел медициналық жәрдем көрсетіп, қауіпсіз аймаққа алып шықты. 

Фото: Түркістан облысы ТЖД

«Төтенше жағдай департаментінің мамандары таудағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Тауға шығар алдында маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеп, сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыздар» делінген ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.