ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Оқиға Төлеби ауданында болды.
Таулы аймақта орналасқан Қасқасу ауылы аумағына демалысқа шыққан 51 жастағы ер адам қайтыс болды. Қасындағы замандастары жедел жәрдем шақырғанымен дәрігерлер жетемін дегенше науқастың жүрегі тоқтап қалған.
«Жедел жәрдем келгенге дейінгі биологиялық өлім болды. Өлім себебі белгісіз (кенеттен)»-делінген Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.