Түркістан облысында орналасқан цемент зауытында жарылыс болып, 52 жастағы жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға Түлкібас ауданына қарасты Састөбе елді мекенінде орналасқан цемент зауытында болған. Цехтағы жарылыстан 3 науқас Сайрам аудандық ауруханасына жеткізілген.
«Екі науқастың денесін 100 пайыз күйік алған. Ал, үшінші адамның денесі 70-75 пайызға күйген. Ауруханаға өте ауыр жағдайда келді. 1971 жылғы науқас қайтыс болды. Қазір жансақтау бөлімінде екі адам емделіп жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Медициналық көмектер жан-жақты көрсетілуде» - деді Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерғали Сәдуақасұлы.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.