Түркістан облысында ауа температурасының 35–36 °C-қа дейін көтерілуіне байланысты жол қызметтері цементбетон жабынының жай-күйіне жүргізілетін мониторингті күшейтті.
Республикалық маңызы бар KAZ 06 автомобиль жолының Шымкент қаласы бағыты бойынша 2244-шақырымында жол жабынының ықтимал температуралық деформациясының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар басталды. Мамандар аптап ыстық кезінде цементбетон плиталарындағы ішкі кернеуді төмендету мақсатында технологиялық жіктерді кесу және өзге де қажетті шараларды жүргізіп жатыр.
Жұмысқа 7 маман және 4 бірлік жол техникасы жұмылдырылған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскеде уақытша жол белгілері орнатылды. Жол қызметтері өңірдегі цементбетон жабындысы бар автожол учаскелерін патрульдеу мен олардың жай-күйіне мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, СҚО-да жарты жылда жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 120 мыңнан астам дерегі анықталды.