Түркістан облысында туыстарын аяусыз өлтірген күдіктілерге қатысты сот отырысы басталды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Күдіктілер жиені мен жездесін өлтіріп, денесін суға ағызып жіберген.
Бүгін Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында туыстарын аяусыз өлтірген сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралды.
— Тергеу органымен сотталушы Б.Ж. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, 126-бабының 1-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,7-тармақтарымен айыпталған. Ал, Б.Е Қазақстан Республикасының ҚК-ның 125-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,7-тармақтарымен айыпталған. 24 ақпан 2025 жылы сағат 10:30 ге тағайындалған басты сот талқылауында соттаушылардың істі алқабидің қатысуымен қарауды сұраған өтініштері қаралып, қанағаттардырылды. Келесі сот отырысы 11 наурыз 2025 жылы сағат 10:00 ге тағайындалды. Сотталушылардың қылмысты жасаған мерзімі 2024 жылдың тамыз айы. Жәбірленушілер саны екеу, - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Еске сала кетейік, СҚО-да қызын зорлаған ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырғанын жазған болатынбыз.