Түркістан облысында Жаңа жылдың алғашқы тәулігінде қанша сәби дүниеге келді
13:33, 02 Қаңтар 2026
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — 2026 жылғы 1 қаңтар күні Түркістан облысының перзентханаларында бір тәулік ішінде (сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін) 106 сәби дүниеге келді. Оның ішінде бір егіз бала тіркелді.
— Ең көп босану көрсеткіші облыстық перинаталдық орталықтарда байқалды. Атап айтқанда, Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 19 сәби және 1 егіз дүниеге келсе, №3 облыстық перинаталдық орталықта 25 сәби өмірге келді, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа жылдың алғашқы күнінде дүниеге келген сәбилерге дәрігерлер тарапынан тиісті медициналық көмек көрсетілді. Аналар мен балалардың жағдайы тұрақты.
Бұдан бұрын Қазақстанда Жаңа жыл түнінде 254 нәресте дүниеге келгенін жазған едік.